Posted in

ЖЫЛАННЫҢ БАСЫН (КЕРІ) ҚАЙТАРДЫ

Аузына нәр апарды, аз-мұз тамақтанды. ~ Қай мезгіл болмасын, жыланның басын қайтару үшін дастарқаннан ұзап кетпейтін сүр қазы мен суық карта бүркеулі қалпы етекке сырғыйды да жас кепенің сірнесіне орын берді. Қ.Ысқ. ~ Жолда тамақ ішіп пе едіңдер? ~ Мына ашқарақ ініңіз ғой… қарным ашты деп қыңсылаған соң, келініңіздің берген сәлемдемесінен жыланының басын қайтарғам… АҚ (“Қызылауыздың қарғысы”). ~ Қазақтың тамаққа тәбеті тақуаның намазға ұйығанындай, іштегі жыланның басын кері қайтарғанша құлқы бері бұрылмайды. И.Сап.