Posted in

ЖЫЛЫ ЖАУЫП ҚОЙДЫ

Жайына қалдырды; әріге апармады, соңына түспеді.
~ Таңданатын жөнің бар. Көріп отырсың ғой, мен де дәрігерлікті жылы жауып қойып, тағдырдың бұйрығы бойынша, енді адамдардың жанын емдейтін қызметке ауыстым. С.Ом. ~ Ана шіркеудегі қаба сақалдыларды жылы жауып қой. Олар реті келсе құдайыңды да қу тақырға отырғызып кетуден тайынбайды. О.Бөк. ~ Сондықтан да анау жолғы сәтсіз командировканы жылы жауып қойды, сол себептен де бөлім бастығын ай бұрын шақырып алып: «Шымши берме, ол алақанда өскен Абыралы мен сен емес», — деп, аптығын басқан. М.Қаб. ~ Бүгiн де, мiне, өздерiне өздерi демалыс жариялап, сабақты жылы жауып қойды. Т.Сәу.