Posted in

ЖЫЛЫ (ОҢ) ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ

Ықыласын білдірді; жылы раймен қарады. ~ Ханым Әміршінің жылы қабақ танытпай, бүк түсіп жатып алғанына шағынғандай терезе алдында ұзақ тұрады. Ә.Кек. ~ Ес білгелі одан басқа жылы қабақ танытып елжірегенін көрген емеспін. Т.Сәу. ~ Біреу жылы қабақ танытқандай болса, телмеңдеп қайта-қайта айналып келе береді. Т.Сәу.