Құлаққа жағымды, жүрекке жылу сыйлайтын сөз, лепес, әңгіме. ~ Мынау сол, соның нақ өзі. Қызыға да, қызғана да қараған — өзі мәңгі-бақи мақұрым қалған ыстық көңіл, жылы лебіз ана мен бала… М.Қаб. ~ Бұларға да не жорық, – деп түптен тартып, елдегі алып-қашпа өсекшілерге тигізе, серіні арашалай сөйледі де, ақынға қолқа салды: – Жақсы ән, жылы лебіз естімегелі не заман. С.Жүн. ~ Сол үшін ертең еру болайық. Ал, қайғылы әйелдің қал-жағдайын қазір барып ұғысалық. Жұбатайық, жақсы лебіз білдірейік, – деп орнынан сілкіне түрегелді. Ғ.Біл.
