Мейірімді, риясыз ақ жарқын күлкі. ~ Бауыржанның жұқалтаң еріні жымиып, көзінен жылы күлкі ұшқындады. Ә.Нұрш. ~ Төргі бөлмеден ала шыққан жүзіндегі бейқам сәби еркелігін сездірердей жылы күлкі табы ғана сейілмей қатып қалғандай көрінетін де, бұл өзін– өзі өлердей аяп, әлденеден қорланатын. М.Сүн. ~ Мен Əуезовтің есімін мектеп қабырғасынан қастерлеп, əсіресе «Абай» романын оқығаннан кейін– ақ осыны жазған адамды көруге қатты іңкəр болғанымды айтқан тұста ол тамағын қайта– қайта кенеп, қалың еріндерінің ұшына жып– жылы күлкі жинап, тосын көзге түсініксіздеу езу тартты. З.Қаб.
