Ашық көңіл, оң ниет, шынайы пейіл. ~ Сол жылы қабақтың артын суытып алмайын деп, Тәуке бас-аяғы жеті жылдың ішінде Сібірге бес рет елшілік жіберді. Ә.Кек. ~ Жылы қабақ, ыстық ілтипатқа зәру ел Қуан ісіне ырзалықтарын көздеріне жас үйірісіп білдіретін, атын естісе ішкен асын жерге қоятын. М.Сүн. ~ Көзімен ғана емес, көңілімен де Айнашты тауып бақты. Қыздың «аға» деп сыйлаған жылы қабағын да, ол жігіт болып та, аға болып та қабылдай берді. М.Сүн. ~ Дастархан жұпыны болса да жылы қабақ көңіл байытып, емен-жарқын қау¬қылдасып, күрең шайды сораптай тартады. Т.Сәу.
