Ықыласын білдірді, мейірлене қарады. ~ «Сені қойып, кәрі жияңжүн да жылы қабақ танытқан болатын» деген сөзді айтпаса да, көмекейінде тұрды. Ж.Шәк. ~ Аналар да, бұрын бір байқасашы, ысқаяқ боп алған қулар екен ғой, жылы қабақ танытып, құрмет көрсеткен болды. Бірақ бас жаққа барыспады… С.Нұғ. ~ Теледидардың табалдырығынан атасымен- ақ маған деген жылы қабағын аңғартып үлгереді. Қ.Жиен. ~ Сәл жылы қабақ байқатса, жылп етіп жандарына жетіп баруға бәрі әзір. Барып та жатыр. Әзірге ондай жылы қабаққа іліге алмай жүрген аз ауылдардың бірі — осы Бәби ауылы. Ә.Кек. ~ Күндіз ұйқысырау қай елдің, қандай адамның үрдісінде бар?! Әкесін айтқанда, иттің баласы, мыжың қағады, жылы қабақ береді. Ол әкенің әруағын сыйлау қайда?! Т.Әл. ~ Оның себебі әйел адамның қайтымы тез, жүрегінің жылуы да жылдам. Ол жетімге ұрысқанымен от айналмай жатып-ақ балаға жылы қабақ көрсетуі ықтимал. Б.Қыд.
