Сыздана қарады, қабағынан қар жауды. ~ Ал мен шынымен ондай нәрселерден бейхабар едім. Мақпыр маған күнде келеді, мен суық қабылдап, сұлық шығарып саламын. Мен жылы қабақ бермеймін, ол келгіштеуін қоймайды. Б.Қыд. ~ Чистяковтың бұл сөздері басылған журналды алтын тапқандай қуана қолтықтап ентелей басып, ентіге кірген маған ол жылы қабақ көрсетпеді. Ә.Нұрш. ~ Бала неме: «бүгін мені папам апарса қайтеді» дегендей, болар -болмас немеурін татытып еді, шешесі жылы қабақ танытпаған соң жым болды. Қ.Жиен. ~ Соған запылана ма, үй– ішіне жылы қабақ көрсетпей теріс қарап жататын әдет тапқан. Тек рабайда бір ауыр күрсініп қалып ішкі запыранын ақтаратын. С.См. ~ Шәріптің де тосып отырғаны осы сөз екен. Өздерін таныстыра отырып, үй иесінің алғашқы бетте жылы қабақ танытпағанын, қонаққа тән сыпайы базынамен жеткізген. К.Сег.
