Қандай да бір жаңа құбылыстың, игілікті істің бастамасы д.м. ~ Қараңғыда қамалған қалың жұрты үшін қазына алып қайтқан. Жыл құсындай жаңа төлдің басшысы болар деген алғашқы буын азаматы кетті. М.Әу. ~ Ержанның есіне Раушан түсті. Оның бойында бусанған ағаштың бұтағына келіп қонып көктемді аңсатқан жыл құсындай жас жігіттің көңілін елегізіте еліктірген күш бар. Т.Ахт. ~ Міне, сол кезде аңсаулы, күтулі көңіліне жыл құсындай болып жетті әуен. Е.Әл. ~ Дәрібек осылайша бір сыбырғы жортып өтті де: Сұр бұлттың сыңайы бар ашылатын, Не жай бар басып айтпай жасыратын. Жаңа өкіл жыл құсындай келіп қапты, Осы ма бақ-талайды асыратын,— деп, ЬІрымбекке соқтыға сөйлеп тынды. Ә.Көш.
