Posted in

ЖЫЛ ҚҰСЫ

Көктемде туған өлкесіне қайтқан құстар; әлдебір жақсылықтың нышаны ретінде сипатталады. ~ Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен. Абай. ~Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып, Түрлі үнмен жаңа келген жылдың құсы. М.Жұм. ~ Өскен жерге жыл құсы, Сағына қайта оралды. М.Мақ. ~ Қожабектің ауылы мен Амалбай да, артарынан келген бірер үй — бәрі жаппай масақ теріп жетісіп қалды. Тоқшылық аштықты аз-аздап ығыстыра бастады. Әзіл, күлкі жыл құсымен қабат қайта оралып жатты. Б.Нұрж.