Posted in

ЖЫНЫН ҚҰСТЫ

~ «Сен шоқынды қыз, мені неге алдайсың? Сүйемін де күйемін. Күйемін де тиемін дейсің. Жеме жеме келгенде әр сылтаудың құйрығын бір ұстатып кете барасың да, басқалардың баурына барып кіресің? Бұл не? Осы, сен қыз, екі жігітті қабатынан емуді қашан қоясың?» – деп аузына келген жынын құсыпты. Ә.Әб. ~ «Алаштың» туын ұстаған, асқар белдей ерлерімізді жынданған итке ұқсап, арамзалар қаппақ болып, жынын құсып, уын шашып жүр. Түрі адамға ұқсағанмен пікірі айуан сияқты адамдар. С.Сей.~ Бұлардың артынан шұбап атты-жаяу адамдар топырлап келеді. Нелер қара сақалды, ақ сақалды кісілер күңіреп тепсініп жүр. Нелер тентек мырзалар кіжініп аузынан жынын құсады: — Бер қолыма! Аттың құйрығына тағайын! —
Құның қалтамда! Асқанға тосқан! І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *