Posted in

ЖЫН ИЕКТЕДІ

Жын соқты, есінен айрылды, құтырынды. ~ Түскеніне үш жыл болды, бала көтермеген соң, көңілі сынық «туа алмай жүріп жын иектепті. Жыны еркек болып түнде келеді екен», – деп əңгіме ете ме деп ұялады. С.Досж. ~ «Ау, дардай басыммен сенің қораптарыңды түгендеп жүрсем, мына жұрт Арыстанды жын иектепті, айбатты арыстан емес, мысық боп үлгеріпті деп келемеж қылмайды ма, бәйбіше! Д.Дос. ~ Аруақты, арқалы Біржанды “елірме есуасқа” балап, айбозым Ақанды “пері шалықтап, жын иектегенге” санап, серілік пен салдықтың құдайақы құнын көк тиынға түсірген нәкәс надандыққа не дерсің?.. И.Сап. ~ Ал, бұл қоғамның рухани азғындап, іріп-шіруі қашан басталған?! «Сіз кітап оқуды қойғалы бері (яғни, не заманнан бері) осы үйді жын иектеді…» дейді үй иесіне қарсы сотта кітап шкафы. Жазушы заттарға адами кескін береді. М.Ақ.