Posted in

ЖЫН ҚАҚҚАНДАЙ (БОЛДЫ)

Құтырынып, долданып, есі кеткендей оғаш әрекет етті. ~ Жын қаққандай жалғыз шапқылап жалғызсыраған басы
Қарашашты медеу тұтты, қолынан тартып, өзімен бірге ала кетті. М.Қаб. ~ Жын қаққандай долданып, Су жұлқына соғады.
Салдыр – гүлдір күркіреп, Судан боран борады. Қалбақтап қалақ бұлқынса, Бұрқақтайды бораны. Тас сырылдап айналып,
Бірін – бірі жонады. І.Жанс. * Қойшының үйіне бір «Уазик» жын қаққандай құтырына келіп, үйдің көлеңкесінде жатқан ақ
ешкі қашып үлгергенше басты да кетті. Ш.Мұрт. * Ең әуелі қағазды ұстап тұрып, жын қаққандай қарқылдап күлді. М.Қаб. *
Тумысынан тентек адам марқұмның бір көзі жас кезінен- ақ төбелестен кеткен екен. Қолындағы қозы көшке керме болуға
жететін қыл арқан, жын қаққандай тоңқаңдап ұшып келе жатады. Қ.Ысқ.