Сонша не көрінді, есіңнен адастың ба д.м. ~ Бірде алдап, бірде ұрлап шеккен өмір, Жақсы-ақ деп жүргенім жоқ көңілім тынып. Қайтерсің, жоқшылықтың жолы қиын! Әйтпесе, жын ұрып па, ұрлық қылып? А.Байт. ~ Бір партада он жылдай шынтақ түйiстiре отырған жақын құрбымды, Бекташты айтам, қасаптың етiне қаратып жын қағып па. Ш.Құм. ~ Өзіңді жын қаққан ба, ей?! Дихандар үстімізден түссе бесақамен шаншып өлтіреді, – деді Шәріп. Т.Әл. ~ Әй, бәсе, капитализмнің осындай бір кереметі болса керек еді. Жұрт қатарлы соның жемісін татпай, бұларды жын қағып па?! Қ.Жұм. ~ Жалаңаш отырғаны несі? – деді. – Сол отырмын… – Жын қақты ма? – деді. Қ.Ысқ. ~ Ану- хатун да баласының шалғайына оралды. – Аяқ астынан әлденені шығарып жүретінің – ай, балам! Жеті түнде желпініп жын шақырды ма! С.См.
