Тым алыстап кетті. ~ Сахна үлкен институттың конференц-залы. Сахнаның бір шеті өзі сахнада, екінші жақ шеті жыраққа кетіп жатқан орындық қатарлары, кең келісті залдың кесіп алғандай шеті болу керек. М.Әу. ~Үйінен жыраққа кеткен жас қыз вокзал ішінде бір- бірімен соқтығысқан адамдар арасынан суырылып шығып, алға қарай беттей берді. А.Әлт. ~ Мұндағы бір түсініксіздік, неге осыншама тіс қаққан, әккі уәкіл өз жасауылдарын қалдырып, әлгі байшікештің құл-құтандарын ғана қалқа етіп соншама жыраққа бара қойды екен? Ұ.Дос.
