Posted in

ЖЫРТЫЛЫП АЙРЫЛАДЫ (АЙРЫЛЫСАДЫ)

Өте көп, қалың нөпір д.м. ~ Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айрылады, соған қарамастан бұл кітаптардағы бірталай тарихи деректер, құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады. Р.Нұрғ. ~ Ақындары жыртылып айрылады, Жыр бағында жалғыз ғой Жәркен жырау. Е.Дүй. ~ Менiкi жәй ғой, – дедi былай шыққанда, – Инеге отырғандардың жағдайы қиын. — Ондайларың көп пе? — Жыртылып айырылады. Сенбейсiң бе? Жүр көрсетейiн. Ондай нүктелер басқа жерде. Т.Әлж. ~ Бүтін сар дала да жыртылып айрылып келе жатқан көш, маңайына тарыша шашылып қалаған жерлерінен қоныс алып, қара қос, ит арқа, орама қалқа тігіп, орныға бастады. Б.Жұм. ~ Американың өз жұмыссыздары да жыртылып айрылады. М.Қаб. ~ Аң дейтiн аң да жоқ. Жылда осы уақытта Жылы сайдың жықпыл-жықпылы шiл, қоян, түлкi, қарсақтан жыртылып айырылатын, биыл жер ауып кеткен бе, жым-жылас. Т.Сәу.