Кедейге құдай қарайласады д.м. ~ Сүкеңді қайдам, Елтай әңгіменің ең үлкені алда екенін сезеді, сезеді де, іштей мінажат етеді. Жыртық үйдің құдайы бар, оған дейін Қарашаш тұстан көктем шуағына ілесе жылы хабар жетіп қалар… Бүгінгі күнге бек разы. М.Қаб. ~ Қанша дегенмен жаздың аты жаз ғой, сары майдай шыланып жатқан көбік қар шоқайыма жұқпады. Үйге ендім. — Жыртық үйдің құдайы бар деген, кәрия. Міне, қар құйылған жоқ — деп шоқайымды көрсеттім. М.Мақ. ~ Оныңыз әншейін лыпасы жоқ тоқыма емес пе?! — Тоқыма болса ше? Жыртық үйдің құдайы бар. И.Бун.
