Басынан бақ тайды, күні қараң болды. ~ Сараның намысы — өз басының намысы ғана емес, барлық Найман елінің намысы. Ол намысты Біржанға жіберсе, жалғыз Сара емес, барлық Найманның жығасы жығылады. Міне, осы ой Сараның қашқан құтын қайтарып, ол ақындық қайратын бойына жинап, жігермен сыртқа шығады. С.Мұқ. ~ Қайдан жүрсің? Сүлкіні түсіп, жығасы жығылып, өңі сұрланып алған боздақ ұлының сопақша жүзінде үрей елесі бар еді. Ғ.Біл. ~ Айналдырған он жыл ішінде жас жігіт карьер бастығына дейін көтеріледі. Қоңыраттың ол кезде жығасы жығыла қоймаған. Балқаштың асыраушысы – бір өзі. Сондықтан, ондай қызметте отырған қандастарымыз некен-саяқ болатын. Т.Май. ~ Семей жақтан көк найзалы көп отряд шақырылды. Бұл отряд Садыр көтерілісінің артынан жүрді. Осы отряд келгеннен кейін елдің жығасы түсіп, біржола жүні жығылды. Бұл солдаттың барлығы да атты қазақ-орыс еді. Бұлар жолыққан қазақты өз бетімен ату, талау сияқты көп тентектік қылды. Аяқ жетер жерге шығып, ауыл талады. І.Жанс.
