Posted in

ЖЫҒА ТАНЫМАДЫ

Онша танымады, анық біое алмады; жәй ғана шырамытты. ~ Әйелдің ақсұр өңінен Зая- Пандита әлдебір таныс белгілерді, әлдебір көзге емес, көңілге жылы нышандарды еміс- еміс аңғарғандай сезініп еді, жыға танымаған соң қасынан бөгелмей өте шыққан- ды. С.См. ~ Ертай екеуі бір-біріне тесіле қарағанымен қай-қайсысы да жыға тани алған жоқ. Е.Мұх. ~ Мен бас изедім де қолын қыстым. Өзін аздап шырамытамын, бірақ жыға танымағасын, «Сізді мен де білемін» дей қойғаным жоқ. З.Қабд. ~ Үздіктіре баурап алған сиқырлы сағымның не екенін жыға таный алмаса да, қарсылықсыз мойын ұсынып, ығына жығылады. Содан бермен шарасы тау- сылған бір дәрменсіздікке бой алдырған. С.Үс.