Posted in

ЖЫҒЫЛСАҢ ЖЕР КӨТЕРЕДІ

Жеңілем деп қорықпа, батыл бол д.м. ~ Сенен басқа кім шығады? Өзгені бойымен басса да жығады Құлжабай, – деп Алдоңгар зорлап жүр оны. – Қайтсін, екінші бригаданың намысы кетіп барады. — Мен қазақша күрес білмейді, – деп күле береді Қалпангер. — Жығылсаң жер көтереді, қорықпа! «Ал қазір екі тау соғысады» деді біреулер мәз болып. К.Қаз. ~ Менің Марченкомен ұрсысып, жұмыстан шығып кеткенім жайында да абзал әкем аз толғанбапты. Оны сол телеграммаға байланысты айтқан ақылынан аңғардым. — Шақырғанға бар. Шалғанмен тірес. Құлшынғанмен күрес. Жығылсаң жер көтереді, — деді әкем. Ә.Нұрш.