Алдыңа үлкен мақсат қоя біл д.м. ~ НИЯЗ: — «Құласаң — биіктен, жығылсаң – нардан» дейді біздін жақта. Ақыр күреседі екенбіз, бас балуан шықсын. Б.Тоғ. ~ Бұрын ел аузынан: «ұлы жазушы», «классик» дегенді көп естігендіктен бе, «жығылсаң нардан жығыл» — деп, кітап оқуды Толстойдың өзінен бастап еді. Сөйтсе, Толстой дегеніңіз жатқан бір патшалық екен. Қ.Жұм.
