Әлдебір айыбы, қылмысы үшін міндеткер, қарыздар болды. ~ Әлидің баласы өлгенде адам құнына жығынды болып, ес таппай сасқан Мамозы Ма-шянь гонге ойдағыдай нық сеніммен күдіксіз сүйену үшін, осындай бір керемет атты ғана бетке ұстап бара алмаған. Ж.Ахм. ~ Артистер мұны көзге ілмей, Сағымбек олардан қалмай, ел аралап кете барады. Байза баласымен қоса, колхоздың бір өгізіне жығынды болады. К.Қаз. ~ Соғыстағы ең үлкен олжа – әйел. Қазақтың жауынгерлері жығынды болып тізерлеп отырған жауды аралап, өңі бүтін әйелді, балиғатқа толған ілікті қызды, бәрін олжалап елге алып қайтатын болған. Т.Әс. ~ Байсерке әлдеқалай ұрлықтан ұсталып қалса, сол үшін жығынды болып, айып төлеуден жалықпайды. Және соның ауыр салмағы, көп шығыны қарапайым халыққа түседі. Қ.Жұм.
