Posted in

ЖЫҒЫЛЫП ЖАТЫП (ЖЫҒЫЛҒАН) СҮРІНГЕНГЕ (ҚИСАЙҒАНҒА) КҮЛЕДІ

Өз кемшілігіне, қатесіне көңіл аудармай, басқаны сынап-мінеу туралы. ~ Алайда әкем бұған сескене қоймады. Өйткені «жығылып жатып сүрінгенге күледі» дегендей, олардың өздері де қолдарымен қоқыс шеңгелдегендер еді. Б.Мом. ~ Келіншегіңді алған соң, бес күн қызығын көре алмай сен де тастап келдің ғой? Жығылып жатып, қисайғанға күлме! – деп Шәріп танауынан жымиды. Т.Рыск.