Posted in

ЖІБЕК ОРАМАЛ КЕПКЕНШЕ

Тез арада, әне-міне дегенше. ~ Жоқ сөзді қозғамайық, Елеке. Жақсы адамның ашуы — жібек орамал кепкенше, жаман адамның ашуы — абыройы кеткенше. Ал өтірік айтқан жас шопандар үшін мен түк қиналмаймын. Өздері қиналсын. М.Қаб. ~ Айналайын десең өзіңнен пәруана болар аңқылдаған, ақ көкірек, жаны жадыра, дық-кек сақтамайтын, жібек орамал кепкенше көңіліндегі мәлөлдік тегіс ада болар адамдар еді. Б.Қыд.