Жанға жайлы жылы леп. ~ Алғаш табысқанда ғашықтар күйіп-жанған ыстық жүректі жазғы түннің жібек самалымен желпіп, жандарын жалынша шарпыған ынтық тілекті ай жарығында аймаласып тұрып айтысқан. Ү.Жәл. ~ Қырдың жібек самалы төңіректегі қараған, бұталарға үн қосып қоңыр күй сазын шертіп, куілдеп, уілдеген әуен шығарады. Б.Жұм. ~ Қанша кекшисе де Алатау – Ақсай жақтан салқын самал соқты. Кәдімгі боз інгеннің тебіренгеніндей бір сау желген жібек самал. Ш.Мұр.
