Posted in

ЖІГІН АШТЫ (АЙЫРДЫ)

Арасын ажыратып берді, айырмашылығын танытты.
~ Тап жігін ашуға, қазақтың қазіргі, бұрынғы тұрмысында қандай қолғабыс етерлік шарттар, жағдайлар бар? Ж.Айм. ~ Ала бұлттың тасасынан өрмелеп шыққан айдың буалдыр күлгін сәулесі дала мен орманның, аспан мен жердің жігін ашып берді. Т.Ахт. ~ Үш тұстағы үш шоғыр уақытша мекеннің жігін айырып, шашақты үш зер байрақ баяу желбірейді. С.См.