Posted in

ЖІГІН ЖАТҚЫЗДЫ

Әлдебір кемшілікті, қарама-қайшылықты жасырып, майда тілмен айтуға тырысу. ~ Қаншама жігін жатқызып айтсақ та, Қазақ елі үш ғасыр Ресейдің отарында болғанын жасыра алмаймыз. Ө.Қаж. ~ Бір білетініміз – бойы кейін булығып өскен бәкене Мерекенің қыздардың туған күніне кәдімгідей жігін жатқызып, мөп-мөлдір сезім себезгілетіп өлең жазып әкелетіндігі еді. Қ.Әл. ~ Жаңаша форматтағы қойылымның жанры әйгілеп тұрғандай, мұнда әннің туу тарихына басымдық беріледі. Алайда жаттанды сөздер мен таптаурын тақырыптардан ада актерлердің сөз саптауы жігін жатқызып, білдірмей жібереді. Қ.Қи.