Нағыз ер жігіт қана көтере алатын ауыртпалық хақында. ~ Таскөмірге салған ұшпырдай емес, көк тасқа, мыстың кеніне соққан ұшпыр қиын болады. Оған күшіне сенген ғана жігітің жігіті ғана шыдайды. С.Сей. ~ Нар түйеге жүк болғандай тепкілеп толтырған дәу қанарды траппен көтеріліп мақта маясының төбесіне апарып төгуге жігіттің жігіті ғана шыдайтыны рас. Қ.Ысқ.
