Күш-қуаты мол, алғыр да ержүрек, батыл, ел ішінде абыройлы ер жігіт. ~ «Іншалла, менің осы ұлым да жігіттің сырттаны, нағыз қасқыр болар» деп ырымдаған Тастан келген қонақтарды аттан өзі түсіріп алған. С.Жүн. ~ Ac аяқталарда жігіт сыны боп, бір сырлы, сегіз қырлы» жігіттің сырттаны жүлдесін кіші жүздің бір жігіті алды. Т.Жұрт. ~ Сонда, Әлібекке: «дәуде болса сен кулаксың» дейтін бадырақ көз, кекеш бала жігіт осы командир көрінеді. Қазір екі иығына екі кісі мінгендей, жігіттің сырттаны. Ғ.Мұст. ~ Жолды қалай көріп келе жатсың-ай, мен түкті көрсем бұйырмасын, — деп қояды. — Сен нағыз жігіттің сырттаны болайын деп тұр екенсің. Талай қызды құртасың ғой. Н.Сер. ~ Сөйтіп жүргенде Мұрат кездесті. Бір тойда кездесті. Саған жігіттің төресіндей болып көрінді. Шіркін, осындай күйеуім болса деп армандадың. Рас па? Қ.Ысқ.
