Posted in

ЖІЛІГІНЕ МАЙ ІЛІНДІ (ЖҮГІРДІ)

Қоңданды, оңалды, шыр бітті.~ Әсіресе, кұйрығы саталақтанған тоқты-торымның аузы үркіп-үркіп тез шығып, тез ұшатын тарлауға тиген соң жілігіне май жүгірген. О.Бөк. ~ Көктемнің қара суығында өкпесіне суық тигізіп, жиі күркілдеп, жөтелге шалдыққан Әліпқали аз уақытта жеген семіз ет, ақ көбік шұбатқа онша шилана алған жоқ. Жаңа ғана жілігіне май ілініп келе жатқанда Сағынай асына жүретін кез де болып қалған… С.Жүн. ~ Енді міне, екі бетіне қан, жілігіне май жүгіріп бұрынғы төртпақ дене қайтадан жұмырланып, екі білегі баяғыша оқтаулана бастаған. О.Бөк. ~ Малмен бірге менің де жілігіме май жүгіріп, қоңайып, ет алдым, – деді күліп. О.Бөк.