Posted in

ЖІЛІГІН (ЖІЛІКТЕЙ, ЖІЛІКШЕ) ШАҚТЫ

Жіктеп берді, әлдебір істің ақ-қарасын айырды, түп-тамырына шейін ажыратып берді. ~ Суретшімін ғой, дәстүрлі Еуропаның ғана емес, қазақ топырағының сәулет тарихының да жілігін шағып оқығанбыз. Ә.Асқ. ~ Іс-шараға абайтану ғылымына еңбегі сіңген біршама өнер өкілдері мен жазушылар қатысты. Абай өнеріне тәнті жастар ән айтып, көсем сөздің жілігін шақты. БАҚ. ~ Ел, жер аттарын, көтеріліс басшыларының іс-қимылын, әр оқиғаның ай-күнін, патша жендеттерінің аты-жөнін жатқа айтып, жіліктей шаққанына Әли қайран қалған. Б.Тоғ. ~ Бәріміздің әке- шешелеріміз бұл ауылға көшіп келген. Ал руың қалай? деп сұрасып жатырмыз ғой,- деді жердің жыртығын жамайтын білгіш Еркін. Өзіне атасының үйретпейтіні жоқ, жеті атасын жілікше шағады. С.Досж.