а) Аса майлы болмаса да, азды-көпті құнары бар (ет). ~ Тұстастың аты тұстас- дағы. Мен де саған берейін деп бір қақпышты Сырғадан сұрап алып едім. Жасықтың ішінде кішкене жілігі татиды білем. Жирен аттікі- ау деймін, сірə. Ж.Айм.
ә) Адамды қызықтырарлық құндылығы бар, мән-мағынасы бар, сапалы д.м. ~ Қолыңа қалам алған соң тым болмаса жілігі татитын бір еңбек жазып кету керек қой. Т.Ахт. ~ Маған десең асылып өл, атылып арам қат, ешкім “е, байғұс-ай!” демейді. Деп жілігі татитын қызмет бере салса, қане. Бере салмайтынына әбден көзің жеткенде, қарадай қаның қарайып жүреді екен. Н.Дәу.
б) Ерекше, күшті. ~ Сумкалары тірсегіне соғып, мектепке асыққан екі-үш бала жел өтінде қалған арық тоқтыдай бүрсең қағады. — Күннің жілігі татиды-ақ екен,— деді апам сәлден кейін-ақ әжімді жалпақтау бетінің ұшын уқалап. Н.Сер.
