а). Арық, көтерем мал, жасық ет туралы. ~ Жұманның ойын қара тұман басты. Малдан бұрын кісі аштан өліп қала ма, қайтеді? Сиырдың бірін сойғанмен жілігі татымайды. Ж.Айм.
ә). Маңызы жоқ, сұйық, сапасы төмен. ~ Ақсақал, әңгіме айтыңыз, жол қысқарсын. – Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым,- деп, шал кеудесімен тұтас бұрылып маған қарады.- Сөзге орашолақ жанмын… С.Омар. ~ Ал, ендеше, мен айта берейін, сіз тыңдай беріңіз, қолайыңызға жақса қабыл аларсыз, жілігі татымайтын көк жасық екен десеңіз, далаға тастарсыз. C.Ом. ~ Нияз.
Кейде кісінің абыройын айрандай төгуге бір мақала да жарайды. Менің творчествомнан іліп алар еш нәрсе қалдырмауға тырысқан. «Соңғы жазғандарының жілігі татитындары шамалы» депті. Т.Ахт.
б) Әлсіз, осал. ~ Жеме-жемге келгенде бір қызды азаптан құтқарып алуға шамамыз келмесе, шетімізден жілігі татымайтын жасық болғанымыз дағы. C.Омар.
