Тәптіштеп санап шықты; түгел есепке алды. ~ Адам деген неменің ғұмыры ұйтқып-ұйтқып басыла қалатын қырдың желіндей құр әншейін өткінші нәрсе ғана болса, тұсында соның әрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп тіркеп бағатын адамның жады да мына сусыма құмдай тұрлаусыз бірдеңе екен ғой. Ә.Кек. ~ Бұлар жазушы, әнші-күйші, суретші, композитор, сәулетшілердің жазған-сызған, істеген-жасағанын ғана емес, жүрген-тұрғаны, ішкен-жегені, ымдаған-сөйлегеніне дейін түгел аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Р.Нұрғ. ~ Нұрыбайдың тентек немересі бас тартпаған үйдің қазан-ошағын қиратып кететіні бар. Сонан келе бір аттың майын беруге жарамайды. Бәйділда қазір Тәуірде өткен-кеткен өкпе-кінәсін жіпке тізіп жатыр… Бір жылы Тәуірдің көк жорғасына көңілі кетіп, қолқа қылғанда беті қайтқан… Өмірі Тәуірдің үйінен бір аяқ көже ішіп көрмегенін де ойлап қойды. З.Шүк.
