Таңбалап қойды; таңдап алды. ~Онда сенің де «алсақ» деген ойың бар ма? — деді. —Taп «алсақ» деп жіп тағып отырғаным жоқ. Тегіндегісін айтқаным ғой… Жанның бәрі алып жатқан соң…. І.Жанс. ~ Жымына келгенге ойланбай атылар жолбарыстың өзi мен деп қалдым. – Жау қайдалап тұратын Қасқақ батырдың бүгiнгi өзiне ұқсамас мiнезiне, мынау айтқан уәжiне Қамбар өзiнше жiп тақты. К.Сег. ~ Мыңқыш ауылын олқысынып отырмысың.
Өткелді сезіп дайын емес пе. Балама жіп таққан жері бар демейсің бе» деп, құдалықтың сан қиян-кескі сөзіне кірісіп
ысқаяқтанып алған Бәтен бәйбіше Бибікенді мүлде ығыстырып тастапты. С.Бег.~ Бәрі де алақанға салғандай анық-қанық жағдай. Кезінде Жапар ағаң да осы кепті киген. Ал жіп тағып жүрген кісің бар ма? М.Қаб. ~ Қарабұтақтағы төртқара, теңіздің артқы бетіндегі Бөлектің ауылынан басқа, әлім баласының құр қалғаны жоқ. Ауыл басы бір қыстаудан тиді. Бір көлге Жанқожа да жіп тақты. З.Шүк. ~ Әбітай қу әйел алуды ойлайды. Мен ше? Оу, үйленбегенмен біреуге жіп тағу керек емес пе? К.Қаз. ~ Жалпы, Елтай Абыралыдан махаббат жайлы бұдан гөрі мағыналырақ әңгіме естіген емес. Шығарып салған, тосып алған, үстінен түскен қыздар, көп қыздар… Неге екені белгісіз, Абыралы ешқайсысына жіп тақпайды. М.Қаб.
