Әлдебір жағдайды түйсінбеді, ұға алмады. ~ … сөйтіп жүргенде құрдымға сіңгендей жайдақтанып, құрып бара жатқан өз тіршілігін күйттеп, көкірегі қарс айырыла ма – ол жағына жіп таға алмайды. К.Сег. ~ Қара дәудің тірлігіндегі көңілдес жігітінің құс қанаты жетпес құзар шыңдай биік махаббаты, күйеуі дүниеден кеткен соң, нағып құрдымға құлады? Т.Рыск. ~ Сол кісінің бізге не ғып әукесі салбырап, емешегі үзіле қалғанына таңым бар. «Сыйлайды» дегенге сенгім келмейді. «Қорықты» деудің тағы қисыны жоқ. Жіп таға алмай әрі-сәрімін. К.Сег. ~ Әліптің өзгеріссіз бет пішінінен өз сөзіне қалай қарайтынына жіп таға алмай дал болып отырса да,ойынан жаңылған жоқ. Ж.Шәк. ~ Айсұлу алғашында Көпжасардың қылығына жіп таға алмаған. “Марқұм қара дәу жүрегін әбден алған екен-ау! Тірлігінде қорыққан соң, аруағынан да именіп жүр ме? Т.Рыск.
