Posted in

ЖҮГЕНСІЗ ЖІБЕРДІ

Еркіне қоя берді, орынсыз ісін тыймады. ~ Егер, мұны бұл қалыппен жүгенсіз жіберсең, бүгін біздің қатынымызды тартып алса, ертең сенің қатыныңды тартып алады. Бізге оқасы болмас, мойнымыз алыс жер, бір жесірді садақаға бердік: ал, ертең ауылыңда отырып, Сатыбай, сенің малыңнан құрық, басыңнан сырық кетірмесе, осы жүгенсіз жібергеніңе бұдан жаман өкінерсің, ойлан!.. Сатыбай расында ойланып қалды. С.Мұқ.