Posted in

ЖҮГЕНСІЗ КЕТТІ

Айтқанды құлаққа ілмей, бетімен кетті; әдепсіздік, тәрбиесіздік хақында. ~ Жүгенсіз кеткен бас асау. Айтқанға қайтып көнеді. Көңіл батыр, тіл қорқақ, Айтатын сөзім көп еді. М.Дул. ~ Тәртіпсіз, берекесіз елдің ісі оңға баспайды. Ата-бабамыз қағазға жазбай қанға сіңірген ұят, ардан аттамау, мәніс білу секілді дала халқының заңдылықтарынан советтік дәуірде айрылып қалған біз қазір демократия дегенді желеу етіп, жүгенсіз кетіп барамыз. Пысықайлар мен алыпсатарлардың, жезөкшелер мен жылпостардың күні туды. Ф.Оңғ.