Posted in

ЖҮГЕН-ҚҰРЫҚ КӨРМЕГЕН

Мінілмеген, асау. ~ Екіншіден, жылқы баққан екі-үш жылда қарақосқа деп Ақжігіт байдың берген азды-көпті соғымын місе тұтпай мына тұрған Есентай інім жүген-құрық көрмеген не бір ту байтал мен бестілерді бай сұраса қасқыр жеді деп әкеп жыққанда, Алланың әмірі әлгінің етін жеген сайын ішімнен жылмай өтуші еді. С.Баяз. ~ Жылқысының ішіндегі кәбі ат-айғыр, мама биелер, дөнен, бестілер, өмірі жүген-құрық көрмеген шу асаулар болады. Сол жылқылары шетінен үркек, қашаған. Көп тағыдай жосып жүретін, айдынды асаулар. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *