Posted in

ЖҮГІ АУҒАН ТҮЙЕДЕЙ (БОЛДЫ)

Аяғын қисық басты, жүрісінен жаңылды, жатып қалды д.м. ~ Шопан жігіттің жүрісі де қызық екен, жүгі ауған түйедей әрлі-берлі қойқаң-қойқаң етеді. О.Сәрс. ~ Жүгі ауған түйедей қисайып, сыңар иығын үнемі алдына салып жүретін сексеуіл қараның тегін адам еместігін Бекет тағы да бір ішіне түйіп қалып еді. С.Жүн. ~ “Ең әдемі қылмыскер” хикаятында басты меже жүгі ауған түйедей нысанадан қисық кетіп, бірінен соң бірі шұбатылған, шытырмандық асиеттен ада қарабайыр оқиғаларға негізделген. А.Рақ. ~ Өзгелер сатыр-күтір жүкті алып-салып жүргенде мен жүгі ауған жаман түйедей жолда жатамын… Мәмбетпен екеуміз бір пәтерде тұрамыз. Табан елі қазы түсетін биелер базарда он үш, он үш жарым сом. І.Жанс.