Posted in

ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕДІ

Атқарар жұмысы оңайлады, біраз мәселе өздігінен шешілді д.м. ~ Едігенің арқасындағы жүк жеңілдеп қалғандай болды: бір жұмыс тынған сияқты. Ш.Айт. * Олар кешкен көздің жасы қонышынан асқан. Содан қорқады. Сол қорқынышын өзгелермен бөліссе жүгі жеңілдейтіндей жанығады. С.Әбік. * Бастықтың өзі келіп, мәселені өзі шешетін болған соң, қарауыл солдаттың еңсесі көтеріліп, жүгі жеңілденіп қалды. Ш.Айт. * Оң жағыма біреуі орын тепкенше сол жағыма оны орын тебеді. Бүйекеңнің жүгі жеңілдейтін болды, әйтеуір. Қаламымның ұшы сорая түседі… Ғ.Қаб.