Алға қойған мақсаты, атқаратын ісі, жүктелген тапсырмасы тым оңай (немесе, керісінше, тым ауыр). ~ Бөлінбей, бөлшектенбей жабал жүргендерің, жабыла қимылдағандарың жақсы. Бөлінгенді бөрі жейді. Жұмыла қимылдағанның жүгі жеңіл болады. Ғ.Біл. ~ Мүсін, не айтары бар, микроаудандағы бір-бірінен аумайтын, күнде көріп жүрсе де, күнде ауыстырып алатын көп үй секілді қолайлы, көрнекті, әттең, әсерсіз, арқалаған жүгі жеңіл. М.Қаб. ~ Тез болды барғаныңнан оралғаның, Демеймін жүгі жеңіл жол-арнаның. Сол елді қайта көріп, Қайта құшу — Өшпейтін көкіректен ол — арманым! М.Айт. ~ Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиеші жүгі жеңіл емес. БАҚ.
