а) Аса епті, жинақы, пысық. ~ Жиын – топтың шетінде оқшау жырақтанып, құйрық-жалы сүзу, жалпақ таулы сәйгүліктер желдеп жүр. Жүзіктің көзінен өтердей жұтынып, аяқтарын сергек, сейдін басады. Т.Әл. ~ Уық, кереге, шаңырақты шеберлер жүзіктің көзінен өтердей етіп саңғырлатып қойды. Ә.Шәр. ~ Жүзіктің көзінен өткендей жылпос жас болыс – Итбайды губернатор Николайға таныстырды. С.Мұқ. ~ Қамыс қалаға біраздан бері аты мағлұм, өзі жүзіктің көзінен өтетіндей пысық жаратылған, әкесі – қазақ, шешесі өзбек екен деп ел өсекке таңатын Шәкіман шайханашы осы кісі еді. О.Сәр.
ә) Ерекше сұлу, тартымды. ~ Саймаран сүлдерін сүйретіп барып қорадан жүзіктің көзінен өткендей сұлу екі сәйгүлікті алып шықты. Екеуі де оқтаудай болып жараған, екеуі де ойнақтап жер тарпиды. Ә.Әб. ~ Шіркін, өзі де бір құдай ерекше жаратқан жан ғой. Сыйымсыз мол денесімен жүзіктің көзінен өткендей ықшам, сұлу; жүріс-тұрысы сəнді, көздің жауын алады. З.Қаб. ~ Өтетіндей көздерінен жүзіктің, Сәулелермен судың бетін сызып күн. Аққуменен бірге ойнайды айдында. С.Мәу.
