Көңілі түсіп кетті; жабырқау. ~ Ызылдаған самауырын дыбысынан Доскей оянып, басын көтерді. «Ұмытпаса, осы қыздың аты Сая болар». Жүзі сынық. Шай жасап қойыпты. Д.Дос. ~ Махмұт жел өтіне төсін беріп тура қарап тұр. Жүзі сынық. Нұрмаш қайтуға ыңғай білдірді. О.Бөк. ~ Жолда жүзі сынық тартып, ауырыңқырап келе жатқан Ақтоқты күрт өзгеріп, қабағы ашылып жадырағалы бай үйінің де көңілі жай. С.Жүн. * Іс-қағаздарына есеп-қисаптарын жазып, үн-түнсіз отырған төрт жан орындарынан созалаңдай көтеріліп үрейлене, үрпиісіп қалды. Айжанның жүзі сынық екен. Қуанды көргенде сұп-сұр боп кетті. М.Сүнд. * — Сәулеш қарағым, жүзің сынық қой, — деді төрде қара баланы тізесіне алып отырған шал. Ауырып жүрген жоқсың ба? Д.Әш.
