Еңсесін түсірді, салы суға кетті. ~ Кейінде «Нәзипа айнып жүр, айнымалы», дегенді шал жата-жастана еститін. — Балама сәлем айт, бұзылмасын. Мен аруаққа бергем, сыйласын! – деп Нәзипаға сәлем айтқан. — Баламды аруаққа бердім, алған қатыным деп жүзін төмендетпесін, аруағымды сыйласын!-деп күйеуіне де сәлем айтқан. І.Жанс.
