Ұяла, иба сақтап немесе наздана төмен қарады, жанарын тайдырды. ~ Сүп-сүйкімді, қызғылттау нұрға толы жүзін төмен салып, өте бір иба сақтап, әлденеден қысылған тәрізденіп отыр. Б.Соқп. ~ … ұялы көк көзі, іркілдек еттілеу беті, қалың, сарғыш түкті қасы — бәрі- бәрі мосқалдығын танытқандай дір- дір етіп жүзін төмен салып отыр. М.Сүн. ~ Терек жайын айта отырып, өзі сәл күрсінгендей болушы еді. Жүзін төмен салып, ойланып қалатын. Ш.Бей. ~ Масғұт құлашын жайып, таудың сала-саласын, қаланың ар жағындағы қиырсыз жазықты айналдыра нұсқады: — Мал бағады, егін егеді, су жағалап кәсіп қылады. Тойшы — той тойлайды, қойшы — қой күзетеді дегендей… Киімі жүдеу. Өзі арық. Момақан жүзін төмен салып, мұның келесі сұрағын күтіп тұр… Т.Шап. ~ «Саған Саламат өз жігітшілігін айтқан – ау. Неткен имансыз еді»,— деп Айжан жаси жүзін төмен салды. Екі беті ду етіп, құлағына дейін шымырлай қызарып бара жатқанын сезінді. М.Сүн.
