Posted in

ЖҮЗ КӨРІСТІ (ЖҮЗ КӨРІС ҚЫЛДЫ)

Кездесті, көрісті, жүздесті. ~ Малшылар алыстамай, жақын жайлауда отырғанда тағы бір жүз көрісіп қалуды ойлап еді. С.Бақб. ~ Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағын сырттан — қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі деп естиді екен. Сол жолы Үргеніш ханы Сырымды өз шешенімен айтыстырыпты. “Ш.сөз.”