Жүзге таман, жүз шақты. (“Жүздің” орнына басқа сандар қолданылып та айтыла береді.) ~ Осы сияқты ұрыспен жау мен жылқышылар жылқының көбінен өтіп, алдыңғы тобына жетіп қалды. Бұл топ жүз қаралы жылқы еді. М.Әу. ~ Еламан Шалқарға бір ай дегенде шаққа оралды. Қасында осы жолы елден жинап алып қайтқан жүз қаралы жігіт. Ә.Нұрп. ~ Бұлар жайаулап Жәңгір ордасына жеткенде, ар жағынан жүз қаралы жауынгер де жетіп үлгерді. Б.Нұрж. ~ Тоқтам дегенде қырылып қалмау керектігі белгілі ғой, ал соның амалы, қане? Құдабайлар айдап кеткен үш жүз қаралы малдың орнын немен алмастырарсың. Н.Дәу. ~ Он бес қаралы адам үйірін бұзбай біздің составты жағалап келеді. Т.Ахт.
