Posted in

ЖҮЗ ҚҰБЫЛДЫ (ҚҰБЫЛТТЫ)

Кейпін, даусын, ойын т.с.с. сан өзгертіп, сан қилы түрленді.
~ Бірақ осындайда инсафты, ұжданды, ар-иманды несіне ауызға алып, көмей толтыра, көптіре сөйлейсіздер? Неге риямен, екіжүзділікпен сәттің арасында жүз құбылып, жалған жолда жүресіздер? – деді. М.Әу. ~ … екі-үш дауыспен мәнерлеп салғанда «Үш тоты» Иран бағындағы жүз құбылған тотыдай сайрап, құлпырып сала берді. С.Жүн. ~ … жаңалық атаулы ұзынқұлақ арқылы жүз құбылып жетіп жататын, жұрттың сыбырлап айтқан құпиясын да біліп қоятын … Т.Әбк. ~ Жүз құбылтып даусыңды, өрте өзегін, Өртенсін, қызыл жалын қыл төсегің. М.Жұм. ~ Нақышпен сандуғаштай жүз құбылтып, Даусыңды түрлендірсең келер сәні. М.Дул.