Көңілі босап, егіліп, елжіреді. ~ Сөз бұлбұлдың күйіндей денені балқытты, Қартқожа: «Адам емес, жебрейіл ме?» — деп ойлады. Қарап отырып мас болды. Жүйесі босап, көзіне жас келді. Сөзін бітіргенде, шапалақ шартылдап кетті. Ж.Айм. ~ Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады. І.Жанс.
